«Ақтөбе» футбол клубының басшысы Д.Васильев шілдеге дейін қазақша сайрауды үйренбек

«Ақтөбе» ФК бас директоры Дмитрий Васильев бүгіннен бастап қазақ тілінен сабақ ала бастады. Ұстазы - мына мен! Уақытының тығыздығына қарамастан, мемлекеттік тілді үйренуге бел шеше кіріскен ол екі сағаттық бірінші дәрістен тамаша көрсеткіш көрсетуде. Кофесінен дәм татқызған басшыға Димаш деген қазақша ат қойып та үлгердім. Мақсат - шілдеге дейін оны қазақша сайрату. Сәттілік саған, Димаш!", - дейді Мерей Құпжан.
Еске сала кетейік, Васильев "Ақтөбенің" бас директоры болып өткен жылдың желтоқсан айында тағайындалды. Оның алдында мынадай мақсаттар тұр: ол футбол орталығының жұмысын тиісті дәрежеде ұйымдастыра отырып, клубқа ақша түсіретін қосымша пайда көздерін табуы, сонымен қатар жанкүйерлермен жұмысты жандандыруы тиіс. Бұның алдында ол Қазақстан Футбол федерациясының бас менеджері қызметінде жүрді.