19:29, 15 Қаңтар 2009 | GMT +5
«Ақтөбе» футбол клубының «Достастық кубогында» бақ сынайтын спортшыларының есімдері белгілі болды
АЛМАТЫ. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Мәскеуде қаңтардың 17-25-і күндері футболдан ТМД және Балтық жағалауы елдері чемпиондарының кубогы өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Қазақстан чемпионы - «Ақтөбе» футбол клубы бұл байрақты бәсекеде «А» тобында бақ сынайды. Ақтөбеліктердің жеребе бойынша бұл жарыстағы қарсыластары Қазанның «Рубин» (Ресей), Ереванның «Арарат» (Армения), Ташкенттің « Пахтакор» (Өзбекстан) командалары. «Ақтөбе» дүбірлі доданың алғашқы күні «Араратпен», қаңтардың 18-інде «Рубинмен», ал 20-сында «Пахтакормен» күш сынасады. Қазақстан футбол федерациясының интернет сайтындағы мәліметке қарағанда, Владимир Муханов онда мына спортшыларға сенім артып отыр. Қақпашылар: Андрей Сидельников, Сергей Бойченко, Ильдар Шайхысламов. Қорғаушылар: Самат Смақов, Алексей Косолапов, Эмиль Кенжесариев, Юрий Логвиненко, Александр Киров, Қайрат Отабаев, Виталий Тихонов. Жартылай қорғаушылар: Антон Чичулин, Ұлықбек Асанбаев, Марат Хайруллин, Александр Митрофанов, Константин Головской, Максим Семенов, Андрей Богомолов, Андрей Лаврик, Виталий Ушаков, Азат Ерсәлімов. Шабуылшылар: Мұрат Тілешев, Игорь Абдущеев, Сергей Струков, Николай Забродин мен Сергей Остапенко.