«Ақтөбе» футбол командасы бразилиялық легионерді қатарына қосты

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – «Ақтөбе» 23 жастағы бразилиялық жартылай қорғаушы Жоао Витор Гауденсио Нуньеспен келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы жергілікті клубтың баспасөз қызметі хабарлады. 

«Ақтөбе» футбол командасы бразилиялық легионерді қатарына қосты
Фото: «Ақтөбе» футбол клубы

Футболшы жартылай қорғаныстың тірек аймағында да, плеймейкер позициясында да ойнай алады.

«Пассо Фундо» клубының түлегі Бразилияның «Конкордия» командасында және Жапонияның «Кагосима Юнайтед» футбол клубында доп тепкен. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан Премьер-лигасының V турында жеңіске жеткен «Елімай» турнир кестесінде көш басына шыққанын жазған едік.