Ақтөбе қаласында аса көп мөлшердегі героин сатқан 35 жастағы Алға ауданының тұрғыны ұсталды

АҚТӨБЕ. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбенің полиция қызметкерлері жедел жүргізген іс-шаралар барысында ірі көлемдегі героин сақтаған Алға ауданының 35 жастағы тұрғынын қолға түсірді.
None
None

Облыстық ІІД-нің апталық баспасөз мәслихаты барысында полиция қызметкерлері хабарлағандай, маусымның басында есірткі бизнесіне қарсы бөлім қызметкерлеріне Ақтөбе қаласы бойынша есірткі сататын Алға ауданы, Бестамақ ауылының тұрғыны жайлы жедел ақпарат келіп түседі. Бір ай бойы оның қылмыстық қызметі жедел сатып алулар бойынша қолданған әдіспен жазылып отырған, маусымның 26 күні оны құқық қорғаушылар құрықтаған.

Әлгінің Бестамақ ауылындағы үйін тінту барысында 3,35 грамм героин қапталған 10 түйіншек табылды. Ал аулада тығылған тағы да 233 грамм героин қызметтік іздеу иттердің көмегімен табылған.

Күдікті адам тұтқындалды, оның үстінен ҚР Қылмыстык кодексінің 259 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар