Ақтөбе қаласының әкімдігі 10 кәсіпорынмен ынтымақтастық туралы меморандум жасады

АҚТӨБЕ. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Бейсенбі күні Ақтөбе қалалық әкімдігінде облыс орталығының басшысы Архимед Мұхамбетов жұмысшылардың еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету мақсатында 10 кәсіпорынның басшыларымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қол қойылғаннан бастап күшіне енген меморандум 2009 жылы желтоқсанның 31-іне дейін жұмыс істейді. Меморандум арқылы келісімге келген кәсіпорындардың қатарында құрылыс ұйымдары құрамына кіретін орта және шағын бизнестің өкілдері де, ет, сүт өңдеу жөніндегі кәсіпорындар, жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізушілер де бар. Кәсіпорын басшылары жұмысшыларды тұрақты және үздіксіз жұмыспен қамтамасыз ету жөнінде міндеттеме қабылдап отыр. Өндірістің қысқаруына орай, жұмысшылар қысқартылатын болса, бұл жайында әкімдікті бір ай бұрын хабардар ету және жұмыс орындарын сақтап қалу бойынша барлық қадамдар қабылдануы керек. Және жұмыс тоқтап қалса, кәсіпорындар жұмысшыларға негізгі жалақының 50 пайызы мөлшерінде жалақы төлейтін болады. Қала әкімдігі болса, инвестициялар тартуға, жұмысшыларды қажетті кәсіптерге қайта оқытуға жағдай жасау жөніндегі шаралар қабылдап, өз тарапынан да қолдау көрсетіп отырады.Жақын күндері әкімдік тағы 100 шақты кәсіпорынмен осындай меморандум жасауды жоспарлап отыр.
Соңғы жаңалықтар