Ақтөбе қаласының әкімі тағайындалды

ТӨБЕ. 26 шілде. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Бүгін қалалық мәслихаттың сессиясында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов депутаттарға Ақтөбе қаласының жаңа әкімі, 50 жастағы Нұрмұхамбет Әбдібековты таныстырды. Қала әкімінің кандидатурасын депутаттар бірауыздан қолдады.

Ақтөбе қаласының әкімі тағайындалды

Нұрмұхамбет Әбдібеков 1984 жылы Мәскеу тау-кен инстиутын тау-кен инженері мамандығы бойынша тәмамдап шыққан. Техника ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 1984 жылы Шилісай фосфорит кенішінің шебері, кейін тау-кен цехының бастығы болып бастаған.

1996 жылдан бастап мемлекеттік қызметке араласты, Ақтөбе, Атырау облыстарының әкімдіктерінде бірқатар басшылық қызметтерге тағайындалған. 2004-2007 жылдар аралығында Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болған. Осы қызметке тағайындалмастан бұрын 2010 жылдан бастап ҚР Индустрия және сауда вице-министрі болып жұмыс істеген.

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Нұрмұхамбет Әбдібековтың көптеген салалар бойынша тәжірибесі мол екенін және алдағы міндеттерді орындай алатынына сенімді екенін жеткізді.