Ақтөбе қаласының қала құрылысы және сәулет бөлімінің бастығы тағайындалды

АҚТӨБЕ. Маусымның 24-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Қала әкімі Архимед Мұхамбетовтің өкімімен Ақтөбе қаласының қала құрылысы және сәулет бөлімінің бастығы болып Бөкей Біртай тағайындалды.

Ақтөбе қаласының қала құрылысы және сәулет бөлімінің бастығы тағайындалды

Қалалық әкімдіктің баспасөз орталығы хабарлағандай, Бөкей Бақытжанұлы 1960 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, Алматы сәулет-құрылыс институтын сәулетші мамандығы бойынша бітірген.