Ақтөбе кеденшілері ұрланған мұнайды заңдастыру жөніндегі қылмыстық топқа қатысқан

АҚТӨБЕ. 3 қазан. ҚазАқпарат - Ақтөбе прокурорлары иесіз кен орындарынан мұнай ұрлау фактілерінің жолын кесті. Тексеру сәтінде, облыс бойынша жасырын мұнай айналымы жалпы алғанда жылына 10 млрд. теңгеге жуық сома тұратын кемінде 100 мыңнан тоннаны құрады, деп хабарлады облыс прокуратурасында.
None
None

Мысалы, маусым айында екі фирма арқылы жасанды жасалған құжаттар бойынша мұнай қабылдау, өңдеу және түсірумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды.

Сонымен қатар, бұл қылмыстық топқа қатысушылар қылмысты ұйымдастырушылармен және мұнай ұрлауды заңдастыруды жүзеге асыратын тұлғалармен бірге Ақтөбе облысы бойынша «Энергетикалық» КБД кеден бекетінің қызметкерлері болып табылған, деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен.
Қаржы полицейлері «Алтын Коз Мұнай» ЖШС және «Мұнай Өнім» ҰМК қаржы директоры Юлия Ли-Ко-Шин-Липиридиге және басқа тұлғаларға қатысты құжатсыз ірі көлемде мұнай сатып алу және өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қылмыстық топ 1 млрд. теңгеге жуық сомаға 18 мың тоннадан астам өңделмеген мұнайды өткізген.

Қазіргі уақытта, Юлия Ли-Ко-Шин-Липиридиге 70 млн. теңге сомаға (үйлер, автокөлік, ақша, құнды заттар) мүлкін тәркілеумен 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Оның жолдасы Н. Липириди тағы бір топ мүшесі А. Молбағаровқа іздеу жарияланды.
Прокурорлардың бастамасымен Мұнай және газ министрлігі жүйелі түрде мұнай ұрлау жүзеге асыратын «Қара Төбе» кен орнын «Қазмұнайгаз» АҚ басқаруына өткізді.
Сонымен қатар, прокурорлар қараусыз қалған соңғы уақытта бірнеше рет мұнай ұрлау фактілері тіркелген «Синельниковское» кен орнына қатысты осындай шараларды қабылдау туралы ұсыныстар енгізді.

Соңғы жаңалықтар