Ақтөбе мектептеріндегі жөндеу жұмыстары 25 тамызға дейін аяқталады
АҚТӨБЕ. 15 тамыз. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі 27 білім мекемесінде, соның ішінде 24 мектеп пен 2 балабақшада күрделі жөндеу жұмыстары өткізілуде.
Шығындардың жалпы сомасы 525 млн. теңгені құрайды, деп хабарлады қалалық білім бөлімінің бастығы Ләззат Оразбаева.
«Барлық білім ұйымдарымен келісім-шарттарға қол қойылған және қазіргі кезде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кестеге сәйкес олардың аяқталу мерзімі 2012 жылдың 20-25 тамыз күндері», - деп хабарлады Ләззат Оразбаева.
Жұмыстардың атқарылуын мамандандырылған компаниялар бақылауда. Күрделі жөндеу жұмыстары көптеген білім нысандарында кестеге сәйкес, ал № 5, 29, 39 мектептерде айтарлықтай жылдам жүргізілуде.