Ақтөбе облысы прокуратурасы бюджетке 1 млрд теңгеден астам қаражатты қайтарды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – 2025 жылы Ақтөбе облысының прокуратурасы мемлекет кірісіне 1 млрд теңгеден астам қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз етті.

Алматы прокуратурасы «Orda» сайтының бас редакторына ескерту жасады
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Ведомство мәліметінше, қаражат мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша қамтамасыз ету мен тұрақсыздық айыбын өндіру, мемлекеттік келісімшарттар аясындағы кепілдік міндеттемелерді орындау, сондай-ақ салық берешектерін өтеу есебінен бюджетке қайтарылған.

Прокуратура келтірген мысалға сәйкес, облыстық құрылыс басқармасы мен «MIR-A Construction» ЖШС арасында Байғанин ауданының Матай ауылында модульдік үлгідегі ғимараттардан тұратын оқу-жаттығу базасын салу туралы келісімшарт жасалған. Осы шарт бойынша мердігерге 288 млн теңге көлемінде аванстық төлем аударылған.

Алайда шарт кейін біржақты тәртіппен бұзылғанымен, аванс сомасы бір жылдан астам уақыт бойы қайтарылмаған. Прокурорлық қадағалау шаралары нәтижесінде бұл қаражат толық көлемде өндіріліп, мемлекет кірісіне түсті.

Прокуратура аталған бағыттағы жұмыстың жалғасатынын және тұрақты бақылауда тұрғанын атап өтті.

Айта кетейік, Ақтөбе облысында мемлекетке 180 млн теңге залал келтірген ақтөбелік сотталды.

Соңғы жаңалықтар