Ақтөбе облысында бұзылып қалған автобустан 69 шетел азаматы эвакуацияланды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбе облысында төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары жолда бұзылып қалған жолаушылар автобусынан 69 шетел азаматын эвакуациялады, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

автобус
Фото: Валерий Бугаев

Оқиға 26 маусым күні Әйтеке би ауданындағы «Қарабұтақ – Комсомол – Қостанай» автожолының 74-шақырымында орын алған. «Шымкент – Екатеринбург» бағытымен келе жатқан жолаушылар автобусы техникалық ақауға байланысты жолда тоқтап қалған.

Құтқару жұмыстарына Төтенше жағдайлар министрлігінің және полиция департаментінің қызметкерлері жұмылдырылды. Автобуста болған жолаушылар Жүргенов ауылындағы «Әйтеке би» кемпингіне жеткізіліп, уақытша орналастырылып, демалуына жағдай жасалды.

- Эвакуацияланған адамдардың барлығы – Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтары. Медициналық көмекке мұқтаж болғандар тіркелген жоқ, - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, Алматы әкімдігі ескі автобустарды 160 миллион теңгеге сатты.

Соңғы жаңалықтар