10:47, 28 Наурыз 2024 | GMT +5
Ақтөбе облысындағы жағдайға байланысты БҚО-да халықаралық жолда қозғалыс шектелді
ОРАЛ. KAZINFORM – Ақтөбе облысындағы жағдайға байланысты халықаралық маңызы бар Самара-Шымкент жолында қозғалыс шектелді.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚО филиалынан мәлім еткеніндей, аталған жолдың 394-526 шақырымында (Жымпиты ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейін) бүгін сағат 10.20-дан бастап жеңіл көліктерге шектеу қойылды.
Шектелу себебі – Ақтөбе облысында Қобда кентін су басқан.
Жүк көліктеріне шектеу қойылған жоқ.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда Самара-Шымкент жолының екі учаскесін су басқанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ БҚО-ның тағы бір ауданында үйлерді су басты.