Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ақтөбе облысы әкімдігінде бірқатар басқармаға жаңа басшылар тағайындалды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Кеше Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы және Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды. Бұл жайында Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақтөбе облысы әкімдігінде бірқатар басқармаға жаңа басшылар тағайындалды

Ақтөбе облысы әкімінің міндетін атқарушы Шериязданов А.Т. 2016 жылғы 5 тамыздағы өкімімен Отаров Қайрат Орынбасарұлы «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ басшысы болып тағайындалды.

Отаров Қайрат Орынбасарұлы 1968 жылы дүниеге келген. Қостанай ауыл шаруашылығы институтын агроном, Ақмола қаржы-экономика колледжін қаржыгер мамандығы бойынша бітірген.

Алғашқы еңбек жолын 1985 жылы Қобда ауданы Жарық совхозында жұмысшы ретінде бастаған. Исатай аудандық салық комитетінде бөлім басшысы, Исатай салық инспекциясында инспектор қызметін атқарған.

Әр жылдары Исатай аудандық салық инспекциясының бөлім басшысы-инспекция басшысының орынбасары, Ақтөбе облысы бойынша салық басқармасының бөлім басшысы болды.

1997 жылғы тамыз айынан бері - «Зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталық» РМҚК Ақтөбе филиалының директоры.

Ақтөбе облысы әкімінің міндетін атқарушы Шериязданов А.Т. 2016 жылғы 5 тамыздағы өкімімен Мырзалин Абдухат Қапанұлы «Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасы» ММ басшысы болып тағайындалды.

Мырзалин Абдухат Қапанұлы 1960 жылы дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Алғашқы еңбек жолын 1976 жылы Ырғыз ауданы Нұра совхозында жұмысшы ретінде бастаған.

Қарабұтақ (қазіргі Әйтеке би) ауданы прокурорының тергеушісі, Темір ауданы прокурорының орынбасары, Исатай (қазіргі Қобда), Алға және Шалқар аудандарының прокуроры қызметтерін атқарған.

Әр жылдары ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ақтөбе, Қостанай облыстары және Батыс көлік аймағы бойынша басқармасының басшысы болған.

2016 жылғы қаңтар айынан бері - «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ құқық қорғау органдарымен жұмыс және жұмылдыру дайындығы бөлімінің басшысы.