Ақтөбе облысы әкімі аппаратының жетекшісі тағайындалды
Облыс әкімінің баспасөз қызметінде хабарлағандай, А.Әмірғалиев 1967 жылы туған. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын ғалым агроном мамандығы бойынша, Алматы экономика және статистика институтын есепші-экономист мамандығымен бітірген.
Еңбек жолын 1992 жылы Ақтөбе облысы, Исатай (қазіргі Қобда) аудандық қаржы бөлімінде аға маман, кейінірек бас маман болып бастаған.
Ақтөбе облысы Исатай (Қобда) ауданы әлеуметтік қорғау бөлімінің меңгерушісі, Ақтөбе облысы Қобда ауданы қаржы бөлімінің меңгеруші орынбасары, Қобда ауданы әкімінің орынбасары, Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Тассай ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқарған.
Ақтөбе облысы бойынша көші-көн комитеті департаментін, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасын басқарған.
Әр жылдары Ақтөбе облысындағы Мартөк және Ойыл аудандарының әкімі болған. 2013 жылдың қарашасынан бері - Ақтөбе обл. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жетекшісі.