Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ақтөбе облысы аумағындағы республикалық жолдардың учаскелері ашылды

АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы аумағындағы республикалық жолдардың учаскелерінде көлік қозғалысы жанданды.

Ақтөбе облысы аумағындағы республикалық жолдардың учаскелері ашылды

Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметінен хабарланды.

Айта кетейік, көктайғақ салдарынан автокөліктің барлық түрлері үшін жол бүгін сағат 12.40 бастап «Ақтөбе-Атырау-РФ шекара (Астрахан)» жолының 11-176 шақырымындағы «Ақтөбе қ.-Шұбарқұдық а» аралығында және сағат 13.30 бастап «Самара-Шымкент» жолының 753-836 шақырымындағы «Ақтөбе қ.-Хромтау қ.» аралығында жол жабылған болатын.