Ақтөбе облысы аумағындағы республикалық жолдың учаскесі жабылды
АСТАНА. 22 қаңтар. ҚазАқпарат - Боранға байланысты Ақтөбе облысы аумағындағы республикалық жолдың учаскесі жабылды.
Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметінен хабарланды.
Атап айтқанда, қолайсыз ауа райына байланысты бүгін сағат 17.30 бастап «Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы (Астрахань)» жолының 246-330 шақырымындағы «Байғанин ауд.-Атырау обл. шекарасы» аралығында автокөлік барлық түрлері үшін жолға шығуға тыйым салынды.