Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ақтөбе облысы Қазақстан бойынша қалалық жерлерге халық ең көп жиналатын өңірлердің қатарына жатады

АҚТӨБЕ. 1 ақпан. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбе облысы еліміз бойынша қалалық жерлерге халықтың ең көп жиналатын өңірлері қатарына жатады, 2009 жылғы ұлттық санақ қорытындысы бойынша облыстағы қала халқының саны 60,8 пайызды құраған.

Ақтөбе облысы Қазақстан бойынша қалалық жерлерге халық ең көп жиналатын өңірлердің қатарына жатады

Санақтың қысқаша қорытындысы туралы брифинг барысында бұл туралы облыстық статистика департаменті мәлім етті.

Департамент бастығы Әлия Боранбаеваның айтуынша, ауылдық жерлерде Ақтөбе облысы халқының 39,2 пайызы тұрады. Солай бола тұра, республика бойынша қала халқы 54,1 пайызды, ауыл халқы 45,9 пайызды құраған.

2009 жылғы санақ қорытындысына сүйенсек, жалпы алғанда Ақтөбе облысында 757,8 мың адам тұрады екен, бұл 1999 жылмен салыстырғанда, 75,2 мың адамға көп. Халық саны бойынша облыс республикада 8 орында тұр, ал халық санының өсу қарқыны бойынша жетінші орында.