Ақтөбе облысы Ойыл ауданының әкімі тағайындалды

АҚТӨБЕ. 26 қаңтар. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбе облысының әкімі Елеусін Сағындықовтың 2011 жылғы 25 қаңтардағы өкімімен Ойыл аудандық мәслихатының келісуімен және ҚР Президентінің «Аудан, облыстық маңыздағы қалалар, қалалардағы аудандардың әкімдерін сайлау тәртібі туралы» Қаулысына сәйкес Ойыл ауданының әкімі болып Алтынбек Әмірғалиев тағайындалды.

Ақтөбе облысы Ойыл ауданының әкімі тағайындалды

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Алтынбек Әмірғалиев 1967 жылы туылған. Батыс Қазақстан ауылшаруашылығы институтын ғалым-агроном мамандығымен, Алматының экономика және статистика институтын есепші-экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.