Ақтөбе облысы жылы беру маусымына дайын - Қ.Көшербаев

АҚТӨБЕ. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысына жасаған жұмыс сапарының соңында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаев «Изет Гринхаус» жылыжай кешеніне, «Нұр Ақтөбе» тұрғын алабы және ЖЭС-на барды.
None
None

Одан кейін журналистерге берген сұхбатында ол өткен жұмыс сапарына баға берді. Вице-премьер Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес аймақтарға шығатын жұмыс топтары құрылғаны туралы баяндады. «Ақтөбеліктер жылы беру маусымына жақсы дайындалды. Жергілікті атқарушы билік тариф бағаларының өсімін бақылауда, әсіресе азық-түлік тобындағы бағаларды ұстап отырғаны қуантады», - деп атап өтті ол.

Сондай-ақ Қ.Көшербаев аймақтың даму қарқыны бойынша республикада көшбасшылар қатарына кіріп отырғанын атап өтті. «Биылғы жыл шаруаларға құрғақшылық әкелді, бұған қарамастан АӨК саласында оң атқарымдар бар. Келесі жылдан бастап ірі көлемді аграрлық бағдарлама жүзеге асырыла бастайды, ақтөбеліктер оны іске асыруға дайын деп айтуға болады», - деп атап өтті премьер-министрдің орынбасары.

Соңғы жаңалықтар