Ақтөбе облысында 1 мың гектар аумақты алған дала өрті сөндірілді

АСТАНА. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында 1 мың гектар аумақты алған дала өрті сөндірілді, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
None
None

Даланың өртенуі сейсенбі, шілденің 13-і күні Темір ауданы Темір қаласы Тайбұрыл шаруа қожалығында басталған. ТЖМ ақпараты бойынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Жалынды тоқтату үшін 11 сағат уақыт кетті, өртті сөндіру үшін ҚР ТЖМ Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамындағы 25 адам мен 2 дана техника, сондай-ақ ерікті өрт сөндіру күшінің 12 адамы мен 11 техникасы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар