Ақтөбе облысында 10 мыңнан аса алиментшілер тіркелді

АСТАНА. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат -  Биылғы 1 қаңтар мен 16 қараша аралығында Ақтөбе облысында 10 186 алиментші тіркелді. Бұл жайында аталған облыстың Сот актілерін орындау департаментінің мәліметтерінде айтылған.

Ақтөбе облысында 10 мыңнан аса алиментшілер тіркелді

2 858 борышкер 3 айдан аса алимент төлемін төлемеуде, оның 387 қасақана борышкерлер қатарында. Департаменттің алимент өндіру жөніндегі бөлімінің бастығы Талғат Әбуовтың айтуынша, алимент алу үшін жергілікті мекен жайы бойынша сотқа арыздану қажет.  Сот арызды қарап,  сот шешімін шығарып, орындау үшін Сот актілерін орындау департаментіне жолдайды. Осыдан кейін сот орындаушылар алиментшілерге жұмыс берушілерге құжатты тапсырады. Әрекетке қабілетсіз ата-аналарына алимент төлейтін ересек балалардың үлесі барлық нәпақа төлеушілердің бір пайызын құрап отыр.