Ақтөбе облысында 2016 жылдың үздік жас ғалымдары анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен 8 маусым - 10 қыркүйек аралығында «Ақтөбе облысының үздік жас ғалымы-2016» атауымен ғылыми-зерттеу жобаларының байқауы өтті.
Жобаның негізгі үйлестірушісі - жастардың ғылыми-зерттеу әлеуетін арттыру мақсатында құрылған Ақтөбе облысының Жас ғалымдар кеңесі.
Конкурс аяқталған соң, 2016 жылдың 22-23 қыркүйегі күндері жас ғалымдар сарапшы комиссия алдында өздерінің ғылыми-зерттеу жобаларын қорғады.
«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина университетінің студенттері «Медицина және фармацевтика» бағытында аталған конкурсқа белсене қатысты. Жеңімпаз атанған ең үздік ғылыми-зерттеу жобаларының авторлары: 1-орын - Сивак И., Кенжеғалиева Б., Гутарев А; 2-орын - Гайдай А., Ким Д., Ақмағамбетова А., Лабзенина Ф., Балаш Л., Сарқұлова Г., Гапуова Д., Анесова ; 3-орын - Кальманова А., Тілекенова Д.; 3-орын - Гутарёв А., Капацын Н., Сүлейманов А., Игнатьев В.», - делінген аталмыш ЖОО таратқан баспасөз баяндамасында.
Жеңімпаздар өз идеяларын жүзеге асыруға «Ақтөбе дамуы» қоғамдық қорының ақшалай гранттарымен марапатталып, Ақтөбе облысы Жас ғалымдар кеңесінің мүшелігіне қабылданды.