Ақтөбе облысында 24 миллиард теңге мүлік пен ақша заңдастырылды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - 2016 жылғы наурыздың 1-дегі жағдай бойынша, Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер комитетінің ақпаратынша, Ақтөбе облысында заңдастырылған мүлік көлемі 24,2 млрд. теңгені құрады.
Негізгі бөлігі - 21 млрд. теңге - аймақ аумағындағы нысандарға тиесілі. Заңдастырылған ақша көлемі 3,2 млрд.теңге, деп хабарлады Ақтөбе облысының қаржы басқармасы.
Еске сала кетейік, елімізде мүлік пен қаражатты заңдастыру мерзімі 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылған.