10:59, 02 Қаңтар 2010 | GMT +5
Ақтөбе облысында 5 автокөлік өртеніп кетті
АСТАНА. Қаңтардың 2-сі. ҚазАқпарат - Бүгін түнде Ақтөбеде орын алған тілсіз жау автотұрақта тұрған 5 автомобильді жалмады.

Еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігінің таратқан ақпараты бойынша, төтенше оқиға Ақтөбе қаласының Қарғалы ауылындағы жеке тұрғын үй аумағында орын алған. Жалпы аумағы 400 шаршы метрді құрайтын жеке тұрған автотұрақтағы 5 көлік те өртеніп кеткен. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қызыл жалын түнгі сағат 01:42-де облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің жеке құрамдағы 14 маманы мен 3 техникасының күшімен ауыздықталды.