Ақтөбе облысында 6 мың гектардан астам далалы алқаптағы ірі өрт ауыл тұрғындарының күшімен ауыздықталды

АСТАНА. Шілденің 27-сі. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы Хромтау ауданының тұрғындары далалы алқаптың 6 мың гектардан астам аумағына жайылған ірі өртті өз күштерімен ауыздықтады.

Ақтөбе облысында 6 мың гектардан астам далалы алқаптағы ірі өрт ауыл тұрғындарының күшімен ауыздықталды

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім еткендей, от шілденің өткен 25-і күні түс ауа Хромтау ауданына қарасты Көпен ауылдық округінің Бажыр өңірінен шыққан.

Тілсіз жаумен Көпен (11 адам мен 1 техника) және Құдықсай ауылдық округтерінің (12 адам мен 2 техника) тұрғындары бір жарым күн бойы күресіп, оны 6050 гектар аумақта толығымен сөндіре алды.

Мәлім болғандай, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.