Ақтөбе облысында анасын өлтірген әйел ақыл-есі кем деп танылды

АҚТӨБЕ. 31 қазан. ҚазАқпарат - 2013 жылдың тамыз айында Хромтау ауданы Қопа кентінің тұрғыны ұрыс-керіс барысында кеуде тұсына пышақ жарасын салып, өз анасын өлтіріп алған. Қария алынған жарақаттардан Хромтау қаласы орталық аудандық ауруханасында көз жұмды.

Ақтөбе облысында анасын өлтірген әйел ақыл-есі кем деп танылды

Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот ҚР ҚК 96-бабы бойынша айып тағылған әйелді ақыл-есі кем болуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатты.

Қылмыстық іс өндірісі тоқтатылды. ҚР ҚК 90-бабы 1-бөлімі «г» тармағына сәйкес оған күшейтілген қадағалаумен мамандандырылған психиатриялық стационарда мәжбүрлі емделу шаралары тағайындалды. Үкім өз күшіне енген жоқ және сот үкімін бұздыру туралы шағым берілуі мүмкін.