Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ақтөбе облысында «аруақ» жол қозғалысына кедергі келтірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық прокуратурасы 2010 жылдың 20 желтоқсанында қайтыс болған ер адамның атына зейнетақы мен сақтандыру ақшалары бөлініп тұрғанын анықтады. Оған қоса, ІІД қызметкерлері марқұмның атына жол ережесін бұзғаны үшін хаттама толтырған.

Ақтөбе облысында «аруақ» жол қозғалысына кедергі келтірді

«2010 жылдың желтоқсанынан 2012 жылдың наурыз айына дейін ай сайын оның шотына зейнетақы мен "Квинтек" және "Абай-Б" ЖШС-терінен сақтандыру ақшалары түсіп тұрған», - делінген ведомство хабарламасында. «Тірі аруақ» 2013 жылы бірнеше рет заң да бұзыпты. Айталық, өткен жылдың қазан айында Сарыарқа ауданы ІІБ қызметкері оның атына алкогольдік ішімдік ішіп, қоғамдық орындағы тыныштықты бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 366-бабы бойынша хаттама толтырған. Тамыз айында да Астанада дәл сол адамның атына жол ережесін бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 473-бабының 1-бөлімі бойынша хаттама толтырған, деп жазады vaktobe.kz. Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде.