Ақтөбе облысында ауыл тұрғыны суға батып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылында 1978 жылы туған азамат Ж.Жакуов суға шомылып жүрген кезінде батып кеткен.

Ақтөбе облысында ауыл тұрғыны суға батып кетті

Оқиға 24 сәуір күні кешкі сағат 19.40-тар шамасында орын алған. Кеше таңертеңгі сағат 08.30-дар шамасында оның денесін ҚР ТЖМ Ақтөбе облыстық ТЖД судан құтқару қызметінің қызметкерлері тауып алып, судан шығарды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.