Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ақтөбе облысында балалар құқығын қорғауға бағытталған шара өтті

АСТАНА. 10 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 2-9 қыркүйек арасында Ақтөбе облысы аумағында балалар құқығын қорғауға бағытталған шара өтті. Аталған акцияға 279 полиция, облыстық прокуратураның 11 қызметкері және салық комитетінің 13 өкілі қатысты, деп хабарлады Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Ақтөбе облысында балалар құқығын қорғауға бағытталған шара өтті

Шара кәмілеттік жасқа толмағандарға темекі бұйымдарын, 21 жасқа толмағандарға алкогольді ішімдіктерді және түнгі 23:00-ден кейін алкогольді сатудың алдын алуға бағытталған.

Мәселен, аталған кезеңде ішкі істер органдарына түрлі құқық бұзған 43 жасөспірім жеткізілді. Сондай-ақ 57 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Олардың - 21-і кәмілетке толмағандарға темекі өнімдерін, 36-сы - 21 жасқа толмағандарға алкогольді ішімдіктерді сатуға байланысты. Түнгі 23-00-ден кейін алкоголь өнімдерін сатудың 11 фактісі тіркелді.

Әкімшілік сотқа 19 материал жіберіліп, оның 7-еуі қаралды. Акция өткізілген аралықта құқық бұзушыларға жалпы сомасы 536610 теңге көлемінде айыппұл салынды.