Ақтөбе облысында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша лизингті субсидиялаудың бірінші келісімшарттарына қол қойылды

АҚТӨБЕ. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша лизингті субсидиялаудың екі келісімшартына қол қойылды.

Ақтөбе облысында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша лизингті субсидиялаудың бірінші келісімшарттарына қол қойылды

Ақтөбе облысы бойынша «Даму» КДҚ» АҚ филиалының бас менеджері Берік Нұрғалиев мәлім еткендей, «Степное» ЖШС ауылшаруашылық құнарлы жерлерді өңдеу үшін «Технолизинг» ЖШС арқылы CHALLENGER SPRA-COUPE 4660А сепкішін сатып алуда. Кәсіпорын ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен және қайта өңдеумен, қоспажемдер, дәндер және тағы  басқаларын өндірумен айналысады. Лизингтің жалпы сомасы - 22,8 млн. теңге, оның ішінде 4,2 млн. теңгесі ЖШС-нің жеке қаражаты.

«ПолиВест» ЖШС лизинг бойынша келісімшарт жасасқан екінші кәсіпорын. Ол полиэтиленді пакеттер өндірісінің желісін сатып алуда.

Жобаның мақсаты - полиэтиленді құбырлардың өндірісі бойынша екінші жүйені сатып алу арқылы қызметті кеңейту және жаңғырту. Екінші желіні сатып алумен өндіріс артатын болады. Осылайша айына 50 тонна целлофан пакеттері, 40 тонна қаптау пакеттері  шығарылатын болады.

Серіктестік «Темірлизинг» АҚ арқылы лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне екі траншпен субсидия алады - жылына 14 және 8 пайызбен. Осыйлайша кәсіпорын жылына сәйкесінше 7 және 1 пайыздық мөлшерлемемен төлейтін болады.