Ақтөбе облысында ер адам гашиштің ірі партиясын тасымалдағаны үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылды

АҚТӨБЕ. 15 сәуір. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында есірткі заттарын заңсыз тасымалдау туралы қылмыстық іс қаралды.
None
None

Айыпталушыны ішкі істер желілік басқармасының қызметкерлері Ақтөбе стансасында «Орал-Ақтөбе» пойызында гашиштің ірі партиясымен - 1,1 келі ескірткімен ұстады. Есірткі қызметтік иттің көмегімен анықталды.

Ер адам гашишті Қырғызстанның Тұрлан қаласында 2500 долларға сатып алған. Ол есірткіні ата-анасының үйіне, одан кейін жол сөмкесінің қосарлап тігілген түбіне жасырып, Қазақстандағы «Қобылан батыр» өткізу бекеті арқылы алып шыққан. Түркістанға дейін таксимен жетіп, «Орал-Ақтөбе» пойызына отырған, ал «Ақтөбе» стансасында оны полицейлер ұстап алды.

Сот оған жаза тағайындауда жеңілдететін барлық жағдайды - қарамағында С гепатитімен ауыратын баласы бар екендігін, денсаулық жағдайын, қылмыстық жауапкершілікке бірінші рет тартылып отырғанын, тұрғылықты жері мен жұмыс орнынан жақсы мінездеме берілуін ескерді.

Сот қылмыстың қоғамға аса қауіпті екенін ескере отырып, сотталушыға ҚР ҚК 1-1 бөлімінің 259-бабы, 4-бөлімінің 250-бабы бойынша 15 жылға бас бостандығынан айыруға, жазасын қатаң режимдегі түзету колониясында өтеуге үкім шығарды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ, сондықтан талап-шағым беруге болады.

Соңғы жаңалықтар