Ақтөбе облысында «Халықты қауіпсіздікпен қамтамасыз ету» жобасы жүзеге асуда

АКТОБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында «Халықты қауіпсіздікпен қамтамасыз ету» жобасы жүзеге асырылуда.

Ақтөбе облысында «Халықты қауіпсіздікпен қамтамасыз ету» жобасы жүзеге асуда

Жобаны жүзеге асыру үшін өңірге орталық және аймақтық мемлекеттік органдардың, мемлекеттік емес ұйымдардың 200-ден астам мамандары келді.

Мамандар «Бизнес ортаны дамыту» бағыты бойынша Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласында 111 жас кәсіпкерге арналған шаралар өткізді.

Осылайша, жергілікті атқару органдарының 50 өкіліне арналған (15 ауылдық округ әкімі, 3 қала әкімі, 32 қызметкер) дөңгелек үстел өтті. Оларға қолданыстағы бизнесті дамыту бағдарламалары жайлы ақпараттар айтылды, деп хабарлады ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметінен.

«Айтымбетова Г. Жеке кәсіпкерлігінің» несиені қайта қаржыландыру туралы өтінімін Сбербанк қарауды аяқтап, мәселені 10 күнде шешуге уәде берді.

«Дөңгелек үстел» қорытындысы бойынша, кәсіпкерлер шағын және орта бизнес субъектілеріне жер телімдерін бөлуге рұқсат етуді немесе оны жеңілдетуді ұсынды. Лицензиялық алым төлемінің тәртібі мен мерзімдерін қайта қарау туралы ұсыныс зерделенуде (лицензиялық алым төлемі алкогольді өнімді сақтау және жүзеге асыру жөнінде белгілі бір қызметті жүзеге асырудың нақты мерзімі үшін төленуі тиіс).