Ақтөбе облысында қар аралас жаңбыр жауады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында 12-13 қазан күндері ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысында қар аралас жаңбыр жауады

«Осы күндері ауа температурасы 10 градус жылы болады, түнде үсік жүреді. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр жылдамдыққа дейін жетеді. 12-13 қазанда облыстың солтүстік аудандарында қар аралас жаңбыр жауады. 12 қазанда Ақтөбеде өткінші жаңбыр жаууы ықтимал», - деп атап өтті Ақтөбедегі Қазгидромет бөлімінің синоптигі Гүлсая Закария.