Ақтөбе облысында «Қару» операциясы барысында 2 жарылғыш құрылғы тәркіленді

АҚТӨБЕ. 1 тамыз. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбе облысында 28-31 шілде аралығында жүргізілген «Қару-2011» операциясының барысында заңсыз айналымнан 132 бірлік қару-жарақ алынды,

Ақтөбе  облысында  «Қару»   операциясы   барысында  2 жарылғыш    құрылғы тәркіленді

деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінен.

Оның ішінде, 2 жарылғыш құрылғы, заңсыз сақталып келген, тіркелмеген тегіс оқпанды 37 мылтық, 68-ге жуық оқ-дәрі тәркіленді, облыс халқы өз еріктерімен 39 мылтықты, 3 газды және 4 травматикалық тапаншаны тапсырды.

Атап айтқанда, Мартөк ауылында жергілікті 43 жастағы азамат полиция қызметкеріне Ф-1 гранатасын әкеп тапсырды. Ол гранатаны темір жинап жүрген кезінде, ауылдың шетінен тауып алған.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Алмат Иманғалиевтің айтуынша, «Қару» операциясының мақсаты - облыстағы жедел ахуалды оңалту, атыс қаруы, жарылғыш заттар қолданылатын қылмыстардың алдын алу және ескерту болып табылады. Қару-жарақты өз еріктерімен тапсырғандар жауапқа тартылмайды", - деді А.Иманғалиев.

Тәркіленген барлық қару-жарақ бойынша сот-баллистикалық сараптама тағайындалды, қазір тексеру жүріп жатыр.