Ақтөбе облысында күннің суытуы туралы ескерту жарияланды

АҚТӨБЕ. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбе облысында күннің суытуы туралы ескерту жарияланды. Ауа райының нашарлауына байланысты төтенше жағдайлар департаменті, тұрғындарға ақпанның 18-і мен 20-сы аралығында, төтенше болмаса, қаладан сыртқа шықпауға кеңес беруде.

Ақтөбе  облысында күннің суытуы туралы ескерту   жарияланды

Бүгін Ақтөбе ауа райы жылы - минус 2-7 градус, секундына -14 метр жылдамдықпен жел соғуда, бірақ, синоптиктер ақпанның 19-20-сында күн күрт суытады: түнде 22-27 градус, кей жерлерде 30 градус аяз болады деп ескертіп отыр. Ал күндізгі температура - минус 10-15 градусты, кей жерлерде -17 градусты шамалап, желдің екпіні 9-14 метр/секундты құрауы мүмкін. Мамандар, жолға шыққандарға туыстары мен жақындарына хабарласып, келетін уақыттарын алдын-ала хабарлауға кеңес беруде.

Жылдың басынан бері Ақтөбе облысында үш адам үсіп өлді.