Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ақтөбе облысында мал азығы дақылдарын өсіруге қолдау көрсетілмек

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында мал шаруашылығын дамыту мақсатында мал азығы дақылдарын өндіру ынталандырылмақ. Бұл мәселе облыстық әкімдікте өткен мәжілісте талқыланды.

Ақтөбе облысында мал азығы дақылдарын өсіруге қолдау көрсетілмек

«2-3 жылда мал азығы дақылдары егілетін алқаптар көлемін 100 мың гектарға көтердік. Бұдан әрі де бидай егілетін алқаптарды азайтуды жалғастырамыз. Келесі жылдан бастап тек мал азығы дақылдарын өсіруді ынталандырып, қолдайтын боламыз. Биылғы жылы дәнді дақылдарды субсидиялауды аяқтаймыз»,- деді облыс әкімі. Облыс әкімінің орынбасары Марат Тағымовтың айтуынша, егер 2011 жылы бидай егілетін алқап 72 пайызды құраса, 2012 жылы - 63 пайыз, өткен жылы 59 пайыз ғана болған. Ал, мал азығы дақылдары алқабы 2011 жылы - 75,5 мың га, 2013 жылы - 108 мың гектарды құрады. Биыл оны 176,6 мың гектарға дейін жеткізе отырып ұлғайту жоспарлануда. Айта кетейік, мал азығы дақылдары бойынша субсидиялар 2013 жылы 100 мың теңгені құраса, 2014 жылы осы мақсатқа 136 мың теңге бөлінді.