Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ақтөбе облысында «Мектепке жол» акциясы ауқымында балаларға 35 млн. теңгенің көмегі көрсетілді

АҚТӨБЕ. Тамыздың 25-і. ҚазАқпарат /Мирал Жармұхамбетов/ - Республикалық «Мектепке жол» акциясы барысында екі мыңға тарта бала мектеп құралдарын, аяқ киім, киім, және басқа да керекжарақтарын сыйға алды.

Ақтөбе облысында «Мектепке жол» акциясы ауқымында балаларға 35 млн. теңгенің көмегі көрсетілді

Бұл мәліметтерді Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Сара Нұрқатова әртүрлі мемлекеттік органдар басшыларының балаларға арналған сыйлықтарын салтанатты тапсыру сәтінде келтірді.

Балаларға қайырымдылық көмегін көрсетуде облыстық денсаулық басқармасы алда болды, олар мектепке баратын балаларға 300 мың теңге қаржы жинады.

Акция қазанның 1-іне дейін жалғасады.