Ақтөбе облысында мұнай өнімдерінің заңсыз айналымымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
АҚТӨБЕ. 6 ақпан. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбелік қаржы полиция қызметкерлері ұзақ уақыт бойы мұнай өнімдерінің заңсыз айналымымен айналысқан қылмыстық топты ұстады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
«Б.Р.СтройКомпаниТемір» ЖШС, «АктөбеАгроТранс» ЖШС-нің құрылтайшылары, сонымен қатар «АқтөбеАгроТранс» ЖШС-нің директоры мен қызметкері 2006 жылдан 2011 жылға дейін Мұғалжар ауданында мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдау, сақтау және сатумен айналысқан. Мұнайдың шикізаттық өнімі қажетті құжаттарсыз, заңды тұлғалардан нарықтың бағасынан төмен сомаға «АқтөбеАгроТранс» ЖШС-нің қызметкері арқылы сатылып алынған.
Әртүрлі жалған мекемелердің атынан рәсімделген құжаттың негізінде, мұнай «Сункаройл Компани» ННТ «Темір-Мост» ЖШС-нің мұнай терминалына сақтау үшін жеткізіліп, «Б.Р.СтройКомпаниТемір» ЖШС және «АқтөбеАгроТранс» ЖШС-іне тасымалданып тұрған.
«Б.Р.СтройКомпаниТемір» ЖШС-нің мұнай терминалына 21 мың тонна, «АқтөбеАгроТранс» ЖШС-не 10 мың тонна мұнайдың шикізаттық өнімі түскен.
Соттың үкімімен 2 топтың мүшелері 2 жылға бас бостандығынан айырылды, салықты төлеуден қашып жүрген ЖШС-нің директоры 2 жылға сотталды. Тағы бір алаяқ шартты түрде 2 жылға шартты жазаға ілікті.