Ақтөбе облысында полицияның жаңа учаскелік бөлімшесі ашылды

АҚТӨБЕ. 15 қараша. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының Ойыл кентінде техникалық жабдықталған полицияның жаңа учаскелік бөлімшесі ашылды.
None
None

Оның ашылу рәсіміне Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов қатысты. Ғимараттың ауданы 80-нен астам шаршы метрді құрайды. Бөлімшенің ішінде Ойыл кентіне кіреберістегі, сондай-ақ орталық жол торабындағы қозғалысты бейнебақылау жүйесі орнатылды.

 Мұнда кәмелеттік жасқа жетпегендердің істері бойынша инспекторлар мен учаскелік полицейлер қызмет атқарады. Оған қоса, ауданда тәртіп сақшыларының тұрғын үй мәселесі табысты шешіліп отырғанын атап өтуге болады.

 АІІБ-нің бастығы Самат Айысовтың хабарлауынша, өткен жылы мұнда 49, ағымдағы жылы 43 қылмыс тіркелді. Олардың барлығы ашылды.

Соңғы жаңалықтар