Ақтөбе облысында ҰБТ-ның алғашқы күні ең жоғарғы баллды хромтаулық оқушы жинады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - 3 маусымда аймақтағы 120 мектепте ҰБТ өтті. Бірінші ағымда тестілеуге Темір, Хромтау, Қобда, Әйтеке би аудандарының және Ақтөбенің, сондай-ақ үш мектеп-интернаттың түлектері қатысты.
None
None

- Алғашқы күннің нәтижелері бойынша Хромтау ауданы 92 баллмен алға шықты. Екінші орынды Ақтөбе қаласының мектебі алды (85,1 балл), Қобда ауданында - 73, Әйтеке би ауданында - 72,3, Темір ауданында - 68 балл. Мектеп-интернаттардың орташа баллы 101 баллды құрады. Ең көп балл - 124 баллды Хромтау қаласының № 2 гимназиясының оқушысы Рахила Тулина жинады. Ал үш түлек: Ислам Мұхаммедрахым (қазақ-түрік лицейі), Гүлжамал Сағидоллаева («Сымбат» мектебі) және Лия Тұрмұқанова (Хромтау қаласының № 2 гимназиясы) 123 баллдан алды.

Облыс бойынша алғашқы ағымдағы орташа балл 85,2 баллды құрады. Бұл күні ҰБТ-ны 2 228 адам тапсырды, оның 1 570-і - қазақ тілінде, 486-ы орыс тілінде тапсырды.

Соңғы жаңалықтар