Ақтөбе облысында үш дала өрті сөндірілді

АСТАНА. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында өткен күндері үш дала өрті сөнедірілді, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
None
None

Шілденің 11-күні Әйтеке би ауданы Комсомол ауылдық округінің Талдысай кентінде болған өрт 750 гектар жерді алды. Құтқарушылар 11 сағат бойы жалынды тоқтатты.

Мартық ауданы Қызылжар ауылдық округі мен Мұғалжар ауданы Жүрін ауылдық округтерінде 50 гектардан болған дала өрті орын алды. Өрт сол күні сөндірілді.

ТЖМ атап өткеніндей, барлық жағдайларда қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар