08:02, 05 Маусым 2014 | GMT +5
Ақтөбе облысында үш жасөспірім Шиелі өзеніне батып кетіп, қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарқұдық ауылында оқыс оқиға орын алды.
Атап айтқанда, осы ауылдағы Шиелі өзеніне кеше түнгі сағат 22-лер шамасында үш жасөспірім батып кеткен. Түнгі сағат 23.30 кезінде 2000 жылы туған Н.Сәрсенбаев пен 2004 жылы туған Ж.Хамитовтің денелерін жергілікті тұрғындар судан шығарып алды. Ал бүгін таңертеңгі сағат 7-лер шамасында 1999 жылы туған П.Хамитовтің денесін Ақтөбе облыстық ТЖД судан құтқару қызметінің 5 қызметкері тауып, судан алып шықты, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.