Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ақтөбе облысында жалпы құны 2900 миллион теңгені құрайтын 23 жоба жүзеге асуда

АСТАНА. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - «Жол картасы» бағдарламасы аясында жергілікті автомобиль жолдарын және Ақтөбе қаласы көшелерін салуға, қалпына келтіруге, күрделі және орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 2900 миллион теңге бөлінген.

Ақтөбе облысында жалпы құны 2900 миллион теңгені құрайтын 23 жоба жүзеге асуда

 Бөлінген қаржы бойынша 23 жоба жүзеге асуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Атап айтқанда, ұзындығы 25 шақырымдық «Алға-Павловка» автомобиль жолын орташа жөндеуге - 261,8 миллион, ұзындығы 29 шақырымдық «Самара-Шымкент-Аққұдық» автомобиль жолын күрделі жөндеуге - 939,8 миллион теңге, Ақтөбе қаласы бойынша 21 жоба аясында жалпы құны 2359,6 миллион теңгені құрайтын ұзындығы 35,89 шақырым көшелерді жөндеу қарастырылған.

Жүргізілген жөндеу жұмыстарының нәтижесінде жолдардың көліктік-пайдаланылу жағдайы жақсарып, көшелердегі автомобиль кептелістерінің азаюына мүмкіндік туады. Сондай-ақ қаланың экологиялық жағдайына, жолаушылар тасымалына оң әсер етеді.