Ақтөбе облысында жаңа судьялар тағайындалды
АҚТӨБЕ. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін облыстық сотта судьялардың пленарлық отырысы болып өтті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметінен.
Шара барысында облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжанов ҚР Президентінің 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 445 Жарлығымен тағайындалған судьяларды құттықтады.
Аталған Жарлыққа сәйкес облыстық сот судьяларының қызметіне 5 адам тағайындалды, олар - бұған дейін қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы қызметін атқарған Шапағат Алнияз, Қарағанды облысындағы Балқаш қалалық мамандандырылған әкімшілік соты төрағасы болған Еркін Жапаров, мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы болған Жаңлай Мәмбетова, бұған дейін Ақтөбе қалалық сотының судьясы болып жұмыс істеген Жұманәлі Түленов, мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы болған Нүрилә Сатыбалдина.
Сондай-ақ Әйтеке би аудандық сотының судьясы қызметіне бұған дейін Ақтөбе қалалық сотының судьясы болған Мұрат Мұхамбетқалиев тағайындалды.
Ақтөбе облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қызметіне Мақсат Үрінбаев тағайындалды, ол Ақтөбе қалалық сотының судьясы қызметінен босатылды.
Бұған дейін Мартөк аудандық сотының судьясы болып қызмет атқарған Ботагөз Алмасбаева Ақтөбе қалалық сотының судьясы болды.
Шалқар аудандық сотының төрағасы болып жұмыс істеген Айтуған Махамбетов қызметінен босатылып, Шалқар аудандық сотының судьясы болып тағайындалды.