Ақтөбе облысында ЖКО-да бес жасар сәби қаза тапты
АҚТӨБЕ. 7 қазан. ҚазАқпарат /Мирал Жармұхамбетов/ - 6 қазанда Әйтеке би ауданында адам өліміне алып келген жол-көлік апаты орын алды. «Самара-Шымкент» тас жолының 956-ыншы шақырымында «Опель Вектра» көлігі жолдан шығып кетіп, аударылып қалды.
ЖКО орнында 2006 жылғы бала қаза тапты. Онымен бірге көлікте болған 2009 жылғы қыз бала түрлі дене жарақаттарын алды. Оның бас-сүйегі жарақаттанып, сол жақ жамбасы сынды. Осындай дене жарақаттарын 1977 жылғы ер азамат та алды. Сонымен қатар 1971 жылғы әйел мен көлікті аударып алған Ақтөбе қаласының тұрғыны, 42 жастағы азаматтың да дене мүшелеріне зақым келді.
Барлық зардап шеккендер Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілді.
Тергеу жүріп жатыр.