Ақтөбе облысында жолаушылар пойызының тепловозы адам қағып кетті
АСТАНА. Қыркүйектің 25-і. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында жолаушылар пойызының тепловозы 18 жасар бойжеткенді қағып кетті,
деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінен.
Қайғылы оқиға бейсенбі күні сағат 22.40-та Қандыағаш стансысында болған. Ақтөбе-Атырау бағытындағы №692 пойыздың №3142 тепловозының машинисі 18 жастағы бойжеткенді қағып кеткен, ол ауруханада көз жұмды.