Ақтөбе облысында жолдардың жабылуына байланысты «Ақтөбе - Астрахань» автожолында көлік қатынасы шектелді
АСТАНА. 2 ақпан. ҚазАқпарат - 2012 жылғы 1 ақпан күнгі сағат 16.00-дегі жағдай бойынша, ауа температурасының төмендеуі салдарынан Ақтөбе облысында жолдардың жабылуына байланысты Атырау облысындағы «Ақтөбе - Астрахань» автожолының «Доссор - Ақтөбе облысының шекарасы» учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін көлік қатынасы шектелді. Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, келесі учаскелерде жолдар әлі де жабық:
«Астана - Ерейментау - Шідерті» автожолының Ерейментау - Павлодар облысының шекарасы (159 - 205 шақырым аралығы) учаскесінде - автокөліктің барлық түрлері үшін;
«Қандыағаш - Ембі - Шалқар - Ырғыз» автожолының Қандыағаш - Шалқар (0-257 шақ.) учаскесінде - автокөліктің барлық түрлері үшін;
«Ақтөбе - Астрахань» автожолының Қандыағаш - Атырау облысының шекарасы (92-330 шақ.) учаскесінде - автокөліктің барлық түрлері үшін;
«Омбы - Майқапшағай» автожолының Семей - Павлодар облысының шекарасы (733-587 шақ.) учаскесінде - автокөліктің барлық түрлері үшін;
«Қызылорда - Павлодар» автожолының Молодежный ауылы - Павлодар облысының шекарасы (1066-1135 км) учаскесінде - автокөліктің барлық түрлері үшін;
Павлодар қаласынан барлық бағыттарда - автокөліктің барлық түрлері үшін;
Солтүстік Қазақстан облысында барлық бағыттарда - жолаушы және дизельді автокөліктер үшін.
Автомобиль жолдарында келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін ауа-райы жақсарғанша жол жүруден бас тартып, Қазақстанның гидрометеорологиялық қызметінің хабарламаларына назар салған жөн.
ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің «Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді, байланыс телефоны (7172) 444-777. Сонымен қатар, жолдар жөніндегі шұғыл ақпарат www.mtk.gov.kz,www.kad.gov.kz, www.kazavtodor.kz сайттарында жарияланады.
«Қазақавтожол» РМК диспетчерлік қызметтерінің байланыс телефондары:
Ақмола облысы /7162/ 77-10-15
Алматы облысы /7272/ 95-80-09, 95-88-74
Ақтөбе облысы /7132/54-46-42, 54-40-36
Атырау облысы /7122/ 29-01-44, 29-21-80
Шығыс Қазақстан облысы /7232/ 26-28-08, 24-08-98
Жамбыл облысы /7262/ 31-50-83, 31-60-05
Батыс Қазақстан облысы /7112/ 51-08-80, 51-06-10
Қарағанды облысы /7212/ 73-40-01
Қостанай облысы /7142/ 55-82-25, 55-82-30
Қызылорда облысы /7242/ 27-64-85, 27-77-06
Маңғыстау облысы /7292/ 60-53-06, 60-53-07
Павлодар облысы /7182/ 57-09-44
Солтүстік Қазақстан облысы /7152/ 36-74-39
Оңтүстік Қазақстан облысы /7252/ 55-80-95