Ақтөбе облысында жұмысқа тұрғызамын деп 900 мың теңге алған алаяқ ұсталды

Кеше Қандыағаш станциясындағы желілік полиция бөліміне 31 жастағы азамат арызданған болатын. Ол Қандыағаш станциясының теміржол вокзалының 2-қабатында Ерболат есімді азаматтың оның сеніміне кіріп, Шалқар станциясындағы локомотивтік депоға машинист көмекшісі ретінде жұмысқа тұруына ықпал етемін деп уәде беріп, 900 мың теңгесін алып кеткен.
Күдікті өз кінәсін мойындап отыр. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Естеріңізге сала кетсек, алаяқтық бір мың айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұлмен әлде осы көлемдегі түзеу жұмыстарымен немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеумен немесе мүлкін тәркілеумен қатар осы мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады, деп хабарлайды Көліктегі ІІД-нің баспасөз қызметінен.