Ақтөбе облысында жүргізуші 16 жастағы бойжеткенді көлікпен қағып өлтірді
АҚТӨБЕ. 26 қаңтар. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданына қарасты Қандыағаш қаласында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан 16 жастағы бойжеткен қаза тапты, деп хабарлайды ІІД-нің баспасөз қызметінен.
Жол апаты 25 қаңтар күні күндізгі сағат 2-де болды. Бойжеткен жолдан өтіп бара жатты, бірақ «Mazda» көлігінің 22 жастағы жүргізушісі тежегішті уақытылы баса алмай, жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасының салдарынан бойжеткен алған жарақаттардан оқиға орнында мерт болды.
Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.