Ақтөбе облысындағы Ырғыз ауданына жаңа әкім тағайындалды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысындағы Ырғыз ауданына жаңа әкім тағайындалды.
None
None

Өңір әкімдігінің хабарлауынша, Ақтөбе облысы әкімінің өкімімен, Президент Әкімшілігінің және аудандық мәслихаттың  келісімімен Ырғыз ауданының әкімі болып Мәди Елеусізов тағайындалды.

Жаңа тағайындауға дейін 40 жастағы М. Елеусізов облыс әкімі аппаратының жетекшісі лауазымында болған.

Бұған дейін Ырғыз ауданы әкімі лауазымын атқарған Мейірхан Дуанбеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

Соңғы жаңалықтар